Тауман Төрехановтың Кітаптарын Сататын Дүкендер

  • Алматы-кітап, Алматы қ., +7 727 292 57 20
  • Достық, Калинин-Масанчи, Алматы қ., +7 727 267 54 64
  • Жалын, кітап дүкені, Жандосов көшесі, 57 үй, Алматы қ., +7 727 221 34 06
  • Абай атындағы Кітап дүкені, Абай-Фурманов, Алматы қ., +7 727 267 13 95
  • Дастан, Сейфуллин-Гоголь, Алматы қ., +7 727 279 29 13
  • Насихат, Иманов көшесі, 10 үй, Астана қ., +7 717 222 33 03
  • Дом быта, Астана қ., +7 717 232 77 67
  • Дом Министерств, 11 подъезд, Бiлiм жəне Ғылым Министрлiгi киоскісі, Астана қ.
  • "Атамұра – Кітаптар әлемі" дүкендері, Абылай хан даңғылы, 75 үй, Алматы қ., +7 727 279 11 69, +7 727 279 11 85, +7 727 279 11 82



Қанмен жазылған тағдырлар

Bloody Tragedy in the Steppe

Түрлі тарихи-әдеби мұрағаларға қалам төсеп келе жатқан Республиканың белгілі журналисі, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкері, Одақтың "Баспасөз үздігі" белгісінің иегері Тауман Төрехановтың бұл тарихи-эссесінде XVII-XIX ғасырлар арасында өмір сүрген, отты күн кешкен Қазақстанның батыс өңірінде патшалы Россияның отарлаушыларына, экспансиялау саясатына қарсы көтерілген халықтың ұлт-азаматтық көтерілістерінің көсемдерінің әкесі Бәсен: Халық батырлары - Көтібар Бәсенұлы; Есет Көтібарұлы; Арыстан Тінәліұлы; Бекет Серкебайұлы; Ерназар Кенжалыұлы және басқалары, басқа да ұлы тау тұлғалар ерлігі, елдігі, кейін патша үкіметі тапсырыс беру арқылы, оны екі "ру арасындағы араздықтан болды" деп Алшын балаларын біріне-бірін айдап салу арқылы халық батырларын өлтіртуі, Сібірге жер аударуы, патшаның жазалаушы отрядтарының жан түршігерлік айуандықтары кеңінен сөз болады. Осы тұстағы ел ішіндегі аса қызықты оқиғалар, бұрын бірі таныс, бірі бейтаныс көріністер, бұрын жарық көрмеген тарихи құжаттар, архивтік материалдар, жаңа қырынан көрінетін басқа да оқиғалар сөз етіледі. Сонымен қатар осы батырлардың бүгінгі XX ғасыр аяғына дейін өмір сүрген бұтақтары жайлы аса қызықты әңгімелер тартымды жазылған.

Кітап қалың оқырманға, тарихшылар мен әдебиетшілерге, студенттер мен оқушыларға арналған.



Көз көргендер еді

Koz Korgender Edi

Тауман Төреханов табан аудармастан Ақтөбе облысының Шалқар аудандық газетінде отыз жылға жуық редактор болып қызмет атқарды. Ауданның, облыстың саяси-әлеуметтік, мәдени-қоғамдық өміріне белсене араласты. Творчестволық іс сапармен біраз жерлерде болды. Өзінің туған жерінің, басқа да өңірлердің тыныс-тіршілігін, тарихын зерттей білді. Туған елінің "тірі шежіресі" атанды.

Бұл қызмет істеген жылдары Республиканың, Одақтың небір заялыларымен кездесті, дәмдес болды, сапарлас болды, пікірлер алысты, сөз жарыстырды. Міне, осы бір бергені көп жарты ғасырдың еңбек жылдарында баспасөздерде екі жүзден астам очерктер, әңгімелер, этюдтер жазды. Бүгінгі қалың оқырманға ұсынылып отырылған жинақта осы уақыттардағы жазылған дүниелердің ең бір қызықты сәттерін, бұрын-соңды оқырман қауымға таныс, не бейтаныс болған, бастап оқысаң аяқтағанша бас алмайтын материалдарды іріктеп жариялаған.

Жинақта небір ғажайып сырлар, әдемі сөздер, ұлы зиялылармен кездесулер, әдемі фотоэтюдтер бар, туған жер тарихы жайлы көптеген мағлұматтарды да ала аласыңдар.



Ғасыр Қасіреті

The Tragedy of the Century

Тауман Алыбайұлы Төреханов екі кітаптан тұратын бұл деректі романды әлемдік географиялық, ғылыми құжаттарда, Жем-Темір, Мұғалжар, Ақтөбе, Орал, Атырау, "Ұлы Құм", "Кіші құм" атанған Борсық құмдарының соңғы екі-үш ғасырдағы тарихи оқиғаларын ішінара қамти отырып, жиырмасыншы ғасырдың ішінде болған басты-басты өзгерістерді, ұрпақтардың басына түскен ғасыр қасіретін, қилы-қилы тағдыр тәлкектерін, осы ғасырдың тірі куәсі ретінде, көз алдыңа алып келеді.

Оқыған сайын бірде жүрегін лүпілдеп, бірде енді не болар екен, ә ? деп асығып, бірде жиіркеніп, бірде таңдайыңды қағып отыратын бұл көркем шығарма нақтылы болған өмір деректеріне құрылған. Мұны маңдайы қасқа келетін шындықты баяндайтын ғасыр шежіресі десе болады.

Роман қалың оқырманға арналған.



Зердесінде Ұрпақтың - Ұжмақ Елі - "... Жазбады-ау, демесін"

Remembered by the generation

Кітап авторы Тауман Алыбайұлы Төрехановтың бұл бесінші кітабы. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында жерінің, елінің тәуелсіздігі үшін жанын қиған - патшалы Россия тапсырыс беру арқылы өлтірткен халық батыры Көтібар жайлы бұрын-соңды айтылмаған тың деректерге құрылған (Көтібар батырға жиырмасыншы ғасырдың аяғындағы ұрпақтары кесене салып, ас беруге орай) автордың бұл еңбегі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан оқырмандарына ұлттық намыс отын жағады. Тек оқып отыру керек.

"Ұжмақ елі" деген кесек шығарма - кешегі, бүгінгі Федеративтік Германия жайлы оқи бастасаң, бас алмайтын қызықты деректерімен әңгімеге толы.

Автор жарты ғасырға жуық, кешегі бір қызыл империя заманында, баспасөзде еңбек еткен жылдарынан аса назар аударарлық оқиғаларды сөз ете отырып, бүгінгі еліміздің оқырмандарына, жас қаламгерлеріне ой салатын пікірлер айтады. Сондықтан үрпағы "... Қап, жазбады-ау" демесін деген тақырыппен берген.

Кітап қалың оқырманға, тағдырын журналистикаға бағыштаймын деген талапкерлерге арналған.



Кісенделген Дала

The Steppe in Chains

Еліміздің белгілі қаламгері Тауман Алыбайұлы Төрехановтың бұл деректі роман-трагедиясында қазақтың соңғы бір үш ғасырдан астам кезеңіндегі ұлы Даласы мен халқының бостандығы, тәуелсіздігі үшін жандарын пида еткен тау тұлғаларының жанкешті күрестері - ол патшалы Ресей және кешегі қызыл империя заманындағы зұлымдық, арам пиғылдық, басқа ойлайтын озық пікірдегі қайраткерлерді алдап, арбап қақпанға түсіру арқылы қазақтың жерін де, халқын да кісендеген оқиғалары, бірнеше адамдардың қасіретке толы тағдырлары арқылы және осы бір арпалыстағы шынайы кісілік пен достық баяндалады.

Автордың бұл деректі роман-трагедиясын оқыған адам тебіренбей отыра алмайды.

Роман қалың оқырманға арналған.



Адам Әлемі

human world

Автордың әдеби көркем сөзбен жазылған бұл жинағы Ат болатын құлын... немесе Аманғали әлемі, Бәсен-Көтібар-Есет ұрпағы Матай-Ата, Нұрғиса Тілендиев, Садықбек Адамбеков, Бақыт Жанғалиева, Айтылмаған Ақиқат, Ата мекенім менің, Мұқтар Әуезовтың батасымен т.б. жайында оқырманға осы өнегелі адамдар таныс-бейтаныс тұстары хақында аса қызықты сыр шертеді.

Сондай-ақ өткен ғасырдың зұлматы-атом қаруларын сынау аймағында болған қайғы-қасірет туралы автор көзімен көрген оқиғаларды баяндайды.

Басылым қалың оқырманға арналған.



Тарихтың Қанды Іздері

Bloody Traces of the History

Бұл романда, негізінен, ойдан алынған кейіпкер, тұлға, не оқиға жоқ. Бәрі де нақтылы өмірде болған адамдар, әр қайсысы өз есімдерімен аталған, көбісінің аттары мұрағаттарда қалмауы да мүмкін.

Өткен XX ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарында қызыл империяның қолдан жасаған зүлымдық-жауыздық саясатына құрбан болған, содан тағдыр тәлкегіне түскен бірнеше аталықтар, ұрпақтар, халықтар жайлы кеңінен сөз етіледі.

Романда келтірілген жер, су аттары географиялық картадағылардай, сол күйінде берілген.

Кітап кешегі қызыл империя дәуірінде тайғақ кешіп, бүгінгі тәуелсіз Қазақ Елін көре алмай, ойын ашық айта алмай өткен аталыктарды, олардың бүгінгі ұрпақтарының ата-бабаларының, әке-шешелерінің қандай күй кешкенін әркез еске салып, Тәуелсіздіктің жайған көк Байрағын қадыр тұтса деген мақсатпен жазылған.

Кітапта "Қанды-37", "Қасіретті-38" жылдардың да қайғы-қасіретке толы бір кесек оқиғалары да қамтылған.

Роман қалың оқырманға арналған.



Дала Геркулесі

Hercules of the Steppe

Кеше ғана "Атамұра" баспасынан белгілі қаламгер, журналист-жазушы Тауман Төрехановтың "Дала Геркулесі" атты 38 баспа табақтық тарихи деректі хронологиялық романы жарық көрді. Роман Лондонның, Париждің, Германияның, Польшаның, Колумбияның, АҚШ-тың, Ресейдің, Орта Азияның заманында ағымдағы баспасөздерінде жарияланған, не мұрағаттарында сақталған құжаттарын, жиһанкездердің, дипломаттардың, Ресей әскери басшыларының жазбаларын, рапорттарын және ХІХ-ХХ ғасырларда ғұмыр кешкен көкірегі ояу, көзі ашық зерделілердің, тарихи тұлғалардың, ғалымдардың естеліктерін еске ала отырып жазылған.

Роман үш кітаптан-тараудан тұрады. Бірінші тарауы халық батыры, заманының атышулы серкесі, серісі атанған Көтібар Бәсенұлына арналған. Дәуірінде Көтібар батырдың соңына шырақ алып түскен қазақ жерін, елін отарлаушылардың батырды жолдарынан қалай алғаны жайлы тарихи деректерге, мұрағаттық құжаттарға негізделген түйіндер жасалған. Бұл бөлімде Тама Есет Көкіұлы жайлы да біраз мағлұмат берілген. Сондай-ақ заманының Нострадамусы атанған Мөнке би, Самрұқ (ел ішінде Саңырық деп кеткен) туралы бұрын-соңды жарық көрмеген эпизоттар жетіп айтылады.

Әлем құжаттарында, қазақ шежіресі мен тарихында екі Есет қалған. Бірі – Тама Есет, екіншісі – Шекті Есет. Кітаптың екінші бөлімі "Есет жолы" деп аталады. Мұнда Есет Көтібарұлының Қазақ елінің Батыс өлкесін отарлаушылардың қанды-қансыз, зорлық-зомбылыққа толы езіп жаныштауына қарсы халықты көтерген ұлт-азаттық көтерілісі – бұл тарихи істегі батырдың тактикасы мен стратегиясы барынша сөз болады. Е. Ковалевскийдің, В. Залесскийдің, В.А. Перовскийдің, В.В. Григорьевтың, Н. Игнатьевтың, сондай-ақ Шоқан Уәлихановпен, Михаил Венюков жазбаларының орыс, ағылшын, француз, неміс, поляк тілдеріндегі қысқартылып алынған түп нұсқалары, оларға автордың түсініктемелері берілген.

Кітапта "Жұлдыз" журналының 1972 жылғы №8 санында басылған поляк демократы Бронислав Залесскийдің Есет батырдың үйінде болған кезінде оның, қырынан отырған суреті, қонақ асы үстіндегі батыр мен демократ екеуінің әңгімелері, батырдың киіз үйі мен қазақ әйелінің суреттері де беріліпті. Тағы бір қызығы – В. Залесскийдің осы кітаптың Есет батырға арналған бөліміндегі қазақ әйелінің суреті салынған кітап Стокгольмның антикварлық магазинінде бүгін 1700 еуро тұрса, Мәскеудің антиквариат магазинінде 5500 еуро тұрады екен. Әрине, түрлі-түсті бояумен аса көлемді әдемі етіп жасалған. Ал бұл кітап-альбом Батыс Еуропа кітапханаларында бір данадан ғана сақталған.

Күні бүгінге дейін Есет Көтібарұлының туған жері, жылы, дүниеден озған мезгілі барлық дерлік құжаттарда, оқу құралдарында жаңсақ, қате беріліп келгендігі де арнайы айтылады. Автор батыр ғұмыр кешкен заманының мұрағаттарына сүйеніп, Есеттің туған жерін, жылын, тіпті туған, қайтыс болған айларын, мазарының қай жылы, қашан тұрғызылғанын, оған кімдер қатысқаны, кейін Қазақ елі тәуелсіздік алғансын халықтың өз қаржыларына Есет-Дәрібай кесенелер кешенін тұрғызғаны да сөз болады. Тағы бір жайт батырды зертеушілер үшін бір кұндылық автор бұрынғы ықпал теориясымен (теория влияния) айтылған, жазылған, оқытылып келе жатқан бағаларға өз көзқарасын білдіреді.

Кітаптың үшінші бөлімі тарихи тұлғалардың ХХ-ХХІ ғасырлардағы кейбір ұрпақтарының тәуелсіз Қазақ еліндегі бүгінгі тынысына арналған.

Кітап тарихшыларға, философтарға, саясаттанушыларға, әдебиетшілерге, журналистерге, мектеп ұстаздарына, жалпы оқырмандарға арналған. Таралымы 2 мың дана.



Тағдырлар Тайталасы

Collision of Destinies

Белгілі журналист-жазушы, Қазақ ССР-нің мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткері Тауман Алыбайұлы Төреханов алпыс жылдай бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп, тер төккен тұлға. Оның отыз жылы облыстық-селолық, ауданаралық, аудандық газеттерде бас редактор қызметінде болған. Осы жылдары іс сапармен КСРО-ның талай аймағында болып, академик Сахаровпен, Мәскеу, Ленинград, Ташкент өңірлерінде жүріп, сондай-ақ шетел қаламгерлерімен кездескен, Кавказдың, Украинаның, Карловые Вары курорттарында, Герман Федеративтік Республикасының астанасы Берлиннің Гумбольдт университеті студенттері қауымдастығының, Герман-Қазақстан Достық қоғамының шақыруымен, сол университетте, Ганновер, Гамбург университеттерінде, ҚР-ның Германиядағы Елшілігінде кездесулер өткізген. Иә, шығармашылық жол сапарларында көрген-білгендерін және өз ғұмырының кейбір оқиғаларын қойын дәптерлеріне түртіп отырған. Сол дәптерлердің саны екі жүз елуге дейін жеткен. Бүгін оқырман қауымына ұсынылып отырылған "Тағдырлар тайталасы" – "Столкновения судеб" естелік кітабы осы қойын дәптерлерінен екшеліп алынған. Былай айтсақ, әжелердің құрақ көрпесі сияқты мың құрау, ою, қию, сөгу, тігу...

Тауман Төрехановтың соңғы жылдары "Атамұра" баспасынан ондаған тарихи-әдеби кітаптары жарық көрді.

Кәне, бұл естелік кітаппен танысып көрейікші. Иә, не бір ой салатын, жаңа идеялар туғызатын, тағылым алатын оқиғалар, эпизодтар, штрихтар, ұлылардың ұлағатты сөздері, автордың қоғамға деген көзқарасы, дүниетанымы жетіп артылады.

Кітап барша жұртшылыққа арналған.



Тағдырлар Тайталасы - Екінші Кітап

Collision of Destinies

Автордың бұл мемуары «Тағдырлар тайталасы» үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген 700 беттік еңбегінің (Алматы, 2015 ж.) жалғасы – ІІ-ші кітабы. «Жағалаудағы жайлы да жайсыз ойлары», өзі үшін жарыққа шыққан он бестей кітаптарын көбейте түсу үшін емес, танысқан, оқыған жас ұрпаққа бір ой салар ма, үлгі алар ма екен деп жазған. Және де бұл келер ұрпақ аға буынның өткен сүрдек жолдары қандай болды екен деп өмірлерінен, ата-бабалар ғұмырларынан тағылым алатын ойлар, оқиғалар баршылық.

Айта кетейік, мемуар авторының тағдыры осы публицистикалық деректі жылнамалық күнделікте «Жан жарасы – Душевная рана», «Жан шуағы – Светлая душа» романда баяндалған.

Бір қызығы екі ғасырдың шыжығы мен қызығын автор сексеннен асқан, тоқсанға екі қадам қалған кезеңін төртке бөліп, «Бақытсыз балалығым», «Өмір үшін күреске толы жастығым», «Тайталасқа түскен жылдарым», «Бақытты қарттығым» деп бөле-бөле жазған. Содан кейін «Мәңгілік тыныштық ...» депті. Және Мәскеуде танымал скульптор Аскар-Сарыджа Хасбулат Нұхбековичтың үйінде кездесіп, дәмдес болған даңқты ақын Расул Гамзатовтың «Сижу в президиуме, а счастья нет»,- деген аса терең философиялық ойын да жазыпты.

Автордың мемуарының бірінші кітабын оқырмандар, ойшылдар, ұлағаттылар, өмір энциклопедиясы, тарихи шежіре деп бағалап жүр. Ал бұл екінші кітап, соны жалғастырады. Тек оқып көрсең, талай тәтті де ащы оқиғаларға толы ойлары – бойыңды тітіркентетін трагедиялық оқиғаларды да кездестіре аласың.

Мемуар қалың оқырманға арналған.


Электронды Кітапты Оқу