Тауман Төрехановтың 90 жылдық мерейтойы!

90th anniversary
90th anniversary
90th anniversary

Тауман Алыбайұлы Төрехановтың 90 жасқа толуына орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Шалқар аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тегіне тартып туған Тауман» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында тау аға Тауман туралы көз көрген Шалқарлықтар естеліктер айтып, қарт жазушыға тілектес жүрекжарды лебіздерін білдіріп, видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар музей қорында сақталған Тауман Алыбайұлының қолжазбалары, құжаттары, кітаптары, фото суреттерінен «Қаламның Геркулесі» тақырыбында жасақталған көрмені тамашалаған кеш қонақтары мен мектеп оқушыларына музейдің экскурсия жүргізушісі А.Куанжанова шолу жасады.

Шалқар қала әқімшілік ұжымына, Шалқар аудандық әкімшілік ұжымына, “Шалқар” аудандық газеті ұжымына, Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі ұжымына, және Шалқар аудандық орталық кітапхана ұжымына үлкен алғысымызды айтамыз.

Суреттер мен видеолардың авторларына, Нағима Шенеқұлқызы Тлембаеваға (Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры) және Мақсұт Мақсымұлы Кенжеғараевқа үлкен алғысымызды айтамыз.

15 Наурыз, 2021 ж.


90th anniversary
90th anniversary
90th anniversary


90th anniversary
90th anniversary
90th anniversary


90th anniversary
90th anniversary
90th anniversary



Видеоның авторы: Нағима Шенқұлқызы Тлембаева,
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры.



Автор: Гүлмира Жеткергенқызы Өтемісова,
ғалым, филология ғылымдарының кандидаты,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті.